Балқаш теміржолшылар мешіті тоғыз жолдың торабында орналасқан. Көптеген жолаушылар мешітімізге келіп намаздарын оқып кетіп жүреді. Кей жолаушылар жолдан қысылып, көлігі бұзылып немесе басқа жағдаймен Алла үйіне келіп көмек сұрайды. Осындай жағдаймен келген жолаушының бірі Ивашенко Максим Викторович. Қырғыз елінің азаматы жолдан қысылып бас имам Медет қажы Құралұлынан қаржылай көмек сұрады. Медет қажы жиналған жамағатқа келген кісінің жағдайын түсіндіріп, мешіт атынан қаржылай көмек көрсетті.
Балқаш теміржолшылар мешітінің баспасөз қызметі 15.11. 2015ж
Пікірлер