Қасиетті Жұма Балқаш қаласына жағымды жаңалығымен келді. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Балқаш қаласының мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы келіп Тольтаев Ербол Мұқановичті Балқаш қалалық мешітінің бас имамы етіп сайлады. Ербол Тольтаев осыған дейін Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарған. Қайырымды істерімен көзге түсіп, халықтың сүйіктіcіне айналған Ербол Мұқанович Балқаш жұртымен де тығыз қарым-қатынас орнатып, елдің игілігіне қызмет атқаратынын жеткізді. Өмірзақ қажы Қазкенұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер