Қасиетті жұма күні Шет ауданы дәрігерлері Ислам дінін жаңғыртуға үлес қосты. Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Берік қажы Алпысбайұлы аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» ақ халатты абзал жандарға таныстырылды. Құжатта көрсетілген Ислам дінінің негіздері, адасушылықтан сақтану, жат ағымдар мен олардың ұстанымдары секілді бірнеше тақырыптар жайлы уағыз айтылды. Сонымен қатар, Берік қажы Алпысбайұлы адам денсаулығын сақтаудағы дәрігерлердің рөлі, бала тәрбиесі, ана денсаулығы сынды тақырыптарды да кең көлемде насихаттап өтті. Аурухананың бас дәрігері Нұртаев Дәуіт Жарылқасынұлы бастаған бір топ қызметкерлерге «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» сыйға тартылды. Сұрақтарын қойып, қызықты да тартымды өткен жиынға дән риза болған Д.Жарылқасынұлы бас имамға алғысын айтып, діни кездесулердің жиі өтіп тұруын қолдайтынын жеткізді.
«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер