Америка елі мұсылман мерекесіне қатысты демалыс күні турасында көп жылдық дау-дамайдан кейін бір шешімге келді. Мэриленд штатының Монтгомери білім басқармасы «Құрбан айт» мерекесін мектеп оқушылары үшін демалыс күні деп шешім қабылдады. «Ансар.ру» -дың хабарлауынша 2016 жылдың 12 қыркүйегінде мектептерде сабақ болмайды, бірақ ұстаздар қауымы үшін жұмыс күні.
Мектепшілік округтік кеңестің президенті Патрисия О’Нил басынан мұндай шешімге қарсылық танытқан. Ол жексенбі 11-ші қыркүйекке келіп тұрған соң, оқушыларға қосымша демалыстың қажеті жоқ деп санады. Бірақ кеңес мүшелері бірауыздан «иә» деп шешім қабылдағанда, зал шапалақ ұрып, мұсылман ата-аналардың қуанышында шек болмады. Мұсылман ата-аналар бұл күнді асыға күткен еді. Олар дөптеген мақсаттарына жеткеніне қуанышты. Енді балаларымыз басқа қатарластарының қасында өздерін бірдей ұстайды деп қуаныштарын білдіруде.
islamise
Аударған Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер