Алланың шапағаты кең ғой. Міне, «Бала қажы» мешітінде тағы бір өзге ұлт өкілі хақ дінді мойындап, тілін кәлимаға келтіргеніне куә болдық. Мешітіміздің наиб имамы Дариев Берік Оксана есімді қызға кәлима шәһәдәтты үйретіп, тілін кәлимаға келтірді. Алланың қолдауымен терең білімінің арқасында Исламға келген орыс қызына мешіт атынан газет, журнал және діни кітаптар сыйға тартылды. Ислам құндылықтары, соның ішінде қыз баланың рөлі толықтай түсіндірілді. Берік Әлсейітұлы намаз оқып, құлшылықты көбейте түскен абзал екенін айта келе, Оксананың қызығушылығын қолдап, демеу болды. Алдағы күнде де дініміз қуатты болып, қатарымыз көбейе түскей!
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер