«Мұсылмандарға қанатыңды жай» (Хыжыр сүресі, 88-аят) деп Жаратушы Иеміз айтқандай, мешітіміздің имамдары бастаған жамағат пен шәкірттер тобы қайырымдылық шарасын үдете түсуде. Бүгін «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлының басқаруымен мешіт шәкірттері көпбалалы анаға көмек қолын созды. 6 қыздың анасы осыдан біраз бұрын отағасынан айырылған болатын. Кішкентай сәбилі болғандықтан жұмысқа орналасудың да мүмкіндігі тумай отыр. Сол себепті отбасында қиын кезең. Осыны ескерген мешіт шәкірттері бүгін азық-түлікпен қоса күнделікті қолданатын тұрмыстық заттарды әкеп, бүлдіршіндердің бір сәттік болса да көңіл қуанышын көтерді. Қарлы қыстың суығында балақайлар тоңып қалмасын деп, наиб имам Нұржан Оңғарұлы көмірмен қамтамасыз етуді де ескерген. Алдағы күнде де бұл жанұяға көмек қолы тоқтап қалмақ емес. Мешіт шәкірттері қолға алған осындай игілікті іс өзгеге үлгі болса керек. «Кім жақсылықты қолдаса, одан оған несібе бар...» деп Ниса сүресінің 85-аятында айтылғандай, барша мұылманды бір-бірін қолдап, демеу жасауға шақырамыз. Ал, «Бала қажы» мешітінің имамдары мен жамағаты қайырымдылық жасауға әрқашанда дайын.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер