Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ата-бабаларға Құран бағышталды
10 қараша, 2015 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «image0Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет» деген ұлағатты сөз бар. Ақтоғай ауданының бас имамы Түкітаев Ардақ Адильханұлы аудан әкімі Н.И.Омархановтың басшылығымен зират басына барып, өткендерді еске алды. Аудандағы зираттың шарбағы жаңадан қоршалып, енді қауіп-қатерден сақ болмақ. Жаңадан қоршалған зират басына аймақтағы қариялар да ере келген. «Темірді тот басқаны сияқты көңіл (жүрек) де күнәлармен кірленеді. Өлімді көп еске алу және Құран Кәрім оқу көңілді жалтыратады» деген хадис жеткен (Бәйһақи). Бұл азаматтар қоршауды көріп, көз қуанту үшін емес өлгендерді еске алып, Құран бағыштау үшін келген. Ғибадаттардың ең құндыларының бірі – зиярат ету. «Қабірімді зиярат еткен адамға шапағат етуім уәжіп болады» деген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (Табарани, Бәззар). Жиналған жамағат арнайы Құран оқып, ата-бабаларға бағыштады.


Ақтоғай аудандық Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары