Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әкімшілік «Тұғырнамамен» танысты
10 қараша, 2015 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданы Қушоқы ауылы мешітінің имамы Бекболатов Әсет ауыл әкімшілігімен кездесу өткізіп, дін тұрғысында түсінік берді. Қазіргі таңда теріс пиғылды діни ағымдардың кері әсерінен халықтың дінге деген көзқарасы өзгерген. Ислам діні – адамзатқа пайдасынан басқа зияны жоқ, аясы өте кең. Алайда діни білімнің аздығы, діни сауаттың болмауынан көпшілік қанаты кең, адамгершіліктің асыл тәжі – ислам дінінің құндылықтарынан бейхабар. Бүгінгі таңда мешіт қызметкерлері осы олқылықтың орнын толтыру үшін қызмет етуде. Осы мақсатты ту еткен ауыл имамы да әкімшілік ұжымына ислам дінінің негіздері мен нақты ұстанымдары жазылған «Мұсылман Тұғырнамасымен» таныстырып, дұрыс жол сілтеуші құрал ретінде бұл құжатнаманың пайдасы зор екенін айта кетті.


Сонымен қатар бүгінгі күні тағы бір түсінбеушілік тудырып жүрген, «Хижра» турасында сөз етті. Түп мағынасы «көшу» деген сөзді беретін хижраны қай кезде, не мақсатпен жасалатынын жете түсінбеген жас буын, ата жұртын тастап, кете баруда. Осы сөздің мағынасы түсіндіріліп, халыққа жеткізілді. Мемлекет қызметкерлері дін турасында біраз жәйттерден хабардар болып, болашақта бірлесе жұмыс жасауды көздеп отыр.


Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20535,20536,20537"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары