Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы ауысты. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы болып Алтынсариев Ақылбек Ербатырович тағайындалды. Жаңадан келген бас имам бұған дейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінде Іс басқарушы қызметін атқарған. Жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Ысқақ Абдрахманов жамағатқа жаңа бас имамды таныстырып, ресми түрде қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Ал Теміртау қалаллық орталық мешітінің бұрынғы бас имамы Тольтаев Ербол Балқаш қалалық мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер