Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақадырда өткен басқосу
09 қараша, 2015 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

РАНТ Салауатты қоғамының төрағасы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, теолог Тағаев Нұрбол іс-сапармен Шет ауданы Ақадыр кентінде болды. «Иса молда» мешітінде оқылған Жұма намазынан кейін «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.А.Маханбетчин және «Шет ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы Е.Смағұлов ұстазды арнайы шақырып, Мәдениет үйінде кездесу өткізді. Теолог Нұрбол Тағаев елдегі діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиында мардымды уағыз-насихат айтты. Мекеме қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, «Иса молда» мешітінің жамағаты және 8-11 сынып оқушыларына лық толған зал, кездесуде айтылған ойларға мұқият зер салды. «Шет ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы Елдос Смағұлов қисынсыз көзқарастардың жақтаушылары болып табылатын заңға қайшы келетін саяси мүддесі басқа іс-әрекеттердің діттеген мақсатына жетуіне кедергі болу керектігін баса айтты. Жиын барысында Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол – діни экстремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару екендігі түсіндірілді. Теолог Тағаев Нұрбол жат ағымдардың сырт бейнесі туралы ашып айтты. Олардың жасырын жүргізетін саяси ұстанымдарын ұғып жүру қажеттігін, арамза пиғылға алданып қалмауды ескертті. Ол үшін діни сауатты кеңейту, жаңадан келіп жатқан тәлімгерлерге ислам құндылықтарын меңгерту секілді бірқатар мәселелер бүгінгі жиынның қарастырған басты тақырыбы болды. Алдағы күнде оқу ордасындағы оқытушылар сабақ барысында діни экстремизмге жол берер деректерді мұқият қадағалап отырса нұр үстіне нұр болмақ. Жиналған қауым бүгінгі қозғалған тақырыптан өзекті ой түйіп тарқасты.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20483,20484,20485"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары