Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жас буынға өзекті ой айтылды
09 қараша, 2015 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Жас өреннің діни сауатын ашу дін қырметкерлерінің басты ісі. Сол себепті Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы Ақбанов Нұрхан қаладағы №7 гимназияда кездесу өткізді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылар наиб имамның насихатын тыңдауға үлкен ықылас танытты. Сондай-ақ, бұл басқосуға Конфессия аралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Майлаяқов Адамия Көкманұлы мен «Болашақ» колледжінің 4 курс студенті де қатысты. Мамандар діни экстремизмнің алдын алу жайында көптеген мәселелерді қамтып өтті. Оқушыларға зеректі азамат болып, жат ағымның арбауына ілесіп кетпеуге ақыл-кеңес айтты. Террорлық әрекеттердің қанат жайып, оның елімізде өркендеуіне жол бермеу қажеттігін ескерте келе, мұғалімдерге де өзекті ой салған наиб имам оқушылардың ықыласына ризашылығын танытты. Туындап жатқан сауалдар болса, мешіт есігі әрдайым айқара ашық деп, жас буынның мешітке келуін үндеді.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20479,20480,20481"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары