Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақпараттық топ студенттермен кездесті
09 қараша, 2015 жыл 74 Басып шығару нұсқасы
Қараша айының 4-ші жұлдызында дін мәселелері бойынша ақпараттық  тобының мүшелері Нұра ауданы мешітінің бас имамы  Құмар Қоныскерей, Нұра ауданы мешітінің наиб  имамы Қайболдин Исай  қажы, Нұра ауданының  ішкі саясат бөлімінің басшысы Даутова  Зара Ахметжанқызы жұмыс жоспарына сәйкес Нұра  аудандық көпсалалалы колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесті.

Қазіргі таңда орын алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар өміріне қауіп төндіретіндігі, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына нұқсан келтіретіндігіне баса тоқталған ауданның бас имамы Құмар Коныскерей ел арасындағы, түрлі жат ағымдардан сақтану жолдары жайлы кең ауқымда мағлұмат берді. Аудандық мешіттің молдасы Қайболдин Исай  қажы жиналған студенттердің 50 пайызы өзге ұлт өкілдері екенін ескере келе, әңгімені ресми тілде жалғастырды. Ағымдағы жылы аталмыш оқу орнына балалар үйінен 25 жас студент болып келген болатын. Қайболдин Исай қажы өзі де балалар үйінде тәрбиеленгенін сөзге тиек ете келе, жиналған жастармен үлгі боларлықтай өнегелі әңгіме жүргізді. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар тарапынан бүгінгі елдегі діни ахуал, қоғамдағы дінаралық, конфессияаралық келісім мен тұрақтылықтың маңызды мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында аталмыш колледждің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тютибай Нұрболат Қазкенұлы ақпараттық топ мүшелеріне студенттер атынан алғысын білдірді .

 

Олжас Бексұлтанов

 

[gallery link="file" ids="20473,20474,20472"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары