Қазақ халқы қайырымдылықтың қадірін жете білген халық. Жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айтуды міндетіне санаған. Осындай марапатқа ие болған жандардың бірі Нұра ауданы мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей. Бас имам көктемгі су тасқыны кезінде, мешітке жанашыр іскер азаматтардың ұйымдастыруымен, алқа-мүшелерінің қолдауымен, ауданға шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына 1млн.400 мың теңге көлемінде азық-түлікпен, киім-кешектермен көмек қолын көрсетіп, қайырымды істі қолға алған болатын.
Аудан әкімі Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы бас имамның халықтың басына қиындық түскенде жәрдемші болып, жұртының жанынан табылғаны үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады. Төтенше жағдай кезінде абдырап қалған халыққа қолдау көрсетіп, сабырлыққа шақыруда аса жауапкершілікпен қарағаны үшін ризашылығын білдіріп, алхыс хат табыстады.
[gallery link="file" ids="20457,20458"]
Пікірлер