Қазақстан-Қарағанды облыстық телеарнасының «Тікелей эфир» бағдарламасында дін өкілдерімен асыл дініміз – ислам құндылықтары төңірегінде сөз қозғалды. Сұхбаттың құрметті қонақтары – ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бекқожа, ҚМДБ-ның дін істері басқармасының мүшесі, теолог Рүстем Сыздықов және дінтанушы Жанболат Қожыкелиев. Бағдарлама барысында дін өкілдері көрермен қауымға ислам негіздері мен ұстанымдары туралы тарқатып айтып, пайдасы мол ақпараттармен бөлісті. Бүгінгі қоғамда, әсіресе жастар арасында діни сауатсыздықтың салдарынан сан-салалы ағымдарға бөлініп, дін арасында бөлінушілік туындауда. Дін мәселесінде оқығаны мен тоқығаны көп дін қызметкерлері ислам дінінде қандай масхаб ұстануымыз керек, ағымдардан қалай сақтанғанымыз дұрыс деген мәселелерге жауап берді. Сонымен бірге радикалды діни ағымдардың көздеген мақсаты мен зардаптарына толықтай тоқтала келе, діни ілімді қандай ғалымдардан алған жөн деген көрермен сауалдарына нақты жауап берілді. Жалпы ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің қоғам үшін, адам үшін пайдасы мен берекесі жайында салиқалы сұхбат өрбіді.
Пікірлер