Жылдың барлық мезгілінде уақыт талғамай, мешіт табалдырығын аттап тәлім алып алып жүрген қарт аналарымыз жайлы алдыңғы жаңалықтарымызда жазған болатынбыз. Сол үрдіспен аптаның үш күнінде үзбей дәріс алып жүрген ұлағатты апайларға наиб имам Оралбай Әділбекұлы «Ахирет және есеп күні» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте игі амалдарды арттыру, сауапты істерді ынтамен жасау, қиямет күнінің белгілері турасында насихат айтылды. Сонымен қатар, хатым құран оқудың артықшылықтары жайында тоқталып өтті. Апалардың көпшілігі қажылық парыздарын өтегендіктен «қажы» деген ардақты атқа лайық болатын амалдарды арттыруға үндеді. Айта кету керек, осындай түрлі тақырыптағы дәрістер айына екі мәрте наиб имамдардың қатысуымен өткізіліп тұрады.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер