Мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова имамдармен бірлесіп «Атадан өсиет- анадан қасиет» тақырыбымен мешіт жанындағы қыз балаларға арналған діни сауат ашу курсындағы шәкірттер арасында рухани кеш өткізді. Рухани кешке мешіт шәкірттері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. «Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі Мирас Эрланұлы шәкірттерге «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тұжырымдамасындағы ата-ананың алдындағы перзенттің борышы жайында насихат айтты. Әр мұсылман отбасында ескерілуі тиіс ата-ана мен баланың арасындағы көркем әдептер жайлы сұхбат жасалды. Тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетілді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер