Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жаңа мешіт құрылысы жайында жиналыс
04 қараша, 2015 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданының әкімі Н.С.Кобжанов  жаңа мешіт құрылысына байланысты жиналыс өткізді. Алдыңғы жаңалықтарда айтып өткеніміздей ауданға қарасты Ғ.Мұстафин кентінде жаңа мешіт бой көтергелі жатыр. Мешітке ыңғайлы орын дайындалып, бастапқы жұмыстары пысықталған болатын. Енді аудан әкімі осы құрылысқа қатысты қызметкерлерді жинап, істі тағы бір пысықтады. Аудан имамы Аманбол Рымқұлұлы да осы істің басы-қасында жүріп, ел игілігіне берілетін мешіттің түзу бой көтеруіне ат салысуда. Жиналыс барысында құрылысты мойнына алған мердігерлер жұмысы тиянақталды. Қазіргі таңда мешіттің іргетасы құйылып, кірпіші қалануда. Алдағы уақытта аудан тұрғындары жаңа әрі толықтай жабдықталған мешітте құлшылық етуге мүмкіндік алады деп жоспарлануда.


Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20375,20376"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары