Қарияға көмек Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын) қалған сүннет. Қартын құрметтеген ел бақытты болса керек. Өйткені, қарияның батасы – елдің, көптің батасы болып саналады. Ал, көптің батасы жерде қалмасы анық. Ізгілік пен игілікті қатар ұстанатын мешіт имамдары қарияларға құрметін арттырып келеді. Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан өңірдегі ақ шашты ата-апаларға қамқорлық жасады. Мешіт атынан азық-түлік үлестіріп, құрмет, қошемет көрсетіп қайтты. Үлкен мақтанышпен ауыз толтырып айтатын жағдай – Балқашта «Қарттар үйі» деген жоқ! Басшының мықтылығын осыдан көруге болады. Әр отбасындағы көнекөз қарияларымызға әрдайым осылай құрмет көрсетіліп тұрса, Алланың қалауымен алдағы кұндеде де асыл қарттарымыз далада қалмақ емес. Асылхан қажы Рахымжанұлы оған жол бермейді де! Сөзімізге дәлел бүгінгі істің нәтижесі!
Абу Мұса (оған Алла разы болсын) Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Расында, шашы ағарған (қарт) мұсылманға және шектен шықпайтын Құранды есінде жатқа ұстайтын мұсылманға құрмет көрсету, ол Аллаға құрмет көрсетудің белгісі болып табылады». (Абу Дауд).
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер