Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешітте жаңа шатыр!
03 қараша, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласы мешітінің шатырын жаңарту жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталған болатын. Бүгін де мешіттің негізгі бөлімі, қойма дерлік барлық бөлмелерінің үсті жабық. Бас имам Түсіпбеков Асылхан қажының бастамасымен қолға алынған құрылыс жұмысына жергілікті әкімдік тарапынан да қолдау көрсетілгенін айта кеткен абзал. Техникамен жабдықтауды толықтай өз мойнына алған «Жібек жолы» құрылыс фирмасының басшылары еш салғырттық танытқан жоқ. Ал құрылыс фирмасының мердігерлері дамылсыз еңбек етіп, шатыр жұмысы көзделген мерзімде аяқталды. Бірнеше жылдан бері тұрған қара қағаздар толықтай алынып тасталып, құрылысқа отандық өнімдер, яғни соңғы үлгідегі материалдар пайдаланылды. Енді күздің жауыны мен қыстың қары мешіт жамағатына қиын жағдай тудырмайды.


Асылхан қажы Рахымжанұлының қолға алған игілікті ісі тек бұл емес. Мешіттің іші-сырты, күмбезі де жылда әрленіп отырады. Балқаш қаласы мешітінің тарихында қалатын бұл іс Алланың қалауымен ешқандай қиындықсыз аяқталды. Қыс бітіп, көктем келгенде қар еріп, шатырдан сырғалап ағатын су қабырғаларды да құртатын. Енді ол жағдай өткеннің еншісінде. Мешіт жамағаты қуанышқа ортақтасып, ғибраттарын молайта түскен. Балқаш жұрты бас имамға дән риза.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20357,20358,20359,20360,20361,20362,20363"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары