ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасын орындау барысында Саран мешітінің бас имамы Мұхаметқали қажы қаламыздың қарияларының қал жағдайларын біліп, жәрдем жасады. Атап айтқанда көп балалы ардагер Рысбике анамыз және Шәймұрат ақсақалдың шаңырағында болып, көненекөз қарттармен әңгімелесіп, көңілдерін сұрап қайтты. Ақсақалдар бас имамға алғыс айтып, батасын берді.
Пікірлер