Нұра ауданы Майоровка ауылында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Нұра аудандық мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей оқушылармен жүздесіп, дін турасында әсерлі әңгімесімен бөлісті. «Ілімнің пайдасы» тақырыбында сөз қозғаған бас имам ауыл балаларына білімді мыңды жығады деп, ілім алу – елдің бірлігін бекем қылып, өркендеп дамуына септігін тигізеді деді. Оқушыларға діни сауатты болыңдар, бүгінгі күні исламға жат теріс ағымдар көбеюде деп жол сілтеді. Мектеп ұстаздары бас имамға оқушылармен ой бөліскені үшін алғысын білдірді.
Пікірлер