Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Орта Азия мұсылмандарын бірлікке ұйытатын ҚАРАР қабылданды
31 қазан, 2015 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып жатқан форумда Орта Азия мұсылмандарын бір мәзһаб төңірегінде топтастыруға және  қоғамның тыныштығы мен бірлігі жолында бірлесіп еңбек етуге шақырған ҚАРАР қабылданды.


Құжаттың көтерген мәселесі - Орта Азия елдерінің ортақ мәдениеті мен дәстүрін жаңғырту, мұсылмандарды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Қарар бір ауыздан қабылданды.


«Ислам – адамгершілік құндылықтарға негізделген биік мәдениет пен өркениеттің діні. Ислам мәдениеті мен өркениеті он бес ғасырдан бері бүкіл адамзатты тегі мен нәсіліне қарамай қайырымдылыққа, жомарттыққа, ізгі ниеттілікке, кешірімділікке және әділдікке шақырып келеді. Ислам діні ғасырлар бойы ғылым-білім мен өркениеттің сарқылмас бұлағы екендігін әлем жұртшылығына паш етуде. Ислам діні зорлықты, зұлымдықты емес, керісінше ізгілік пен игілікті насихаттайды. Құран Кәрімде: «Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгітпен шақыр әрі олармен  ең көркем түрде пікір таластыр!» – деп бұйырылған.


Ислам атын жамылған дінбұзарлар қасиетті Құран Кәрім аяттары мен хадистерді бұрмалап, өздерінің қылмыстық идеологияларын іске асыру үшін діни құндылықтарды теріс мақсатта түсіндіруде. Аталмыш дінбұзарлар зұлымдық әрекеттерін ислам дініндегі  қасиетті ұғым болып саналатын «жиһадпен» байланыстыруда. Алайда әлемдегі түрлі лаңкестікті тудырып отырған экстремизм мен терроризмнің Ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ. Мұның айқын көріністерінің бірі мұсылмандар тіпті, сәлем бергеннің өзінде бейбітшілік пен тыныштықты тілеп амандасады. Мұсылмандар сәлемдесуде қолданатын «Ассалаумағалейкум» сөзі «сендерге Алланың есендігі, тыныштығы болсын!» деген мағынаны білдіреді.


Бүгінгі таңда исламға телініп жүрген экстремизм және терро­ризм халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруде. Олардың  құрамы  исламның негізгі қағи­даларын білмейтін діни сауатсыздардан тұрады. Дінбұзар лаңкестердің жасаған қатыгездіктерінің барлығы ислам  шариғатына қайшы келеді. Алла Тағала мұсылмандарға бел­гі­ленген шектен шықпауды бұйырды.


Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп бұйырады: «Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамды өлтіргенмен тең. Ал кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең...».


Біз, Орталық Азия Ғұламалары, осы форумда төмендегідей қарарды қабылдаймыз:


-  ислами құндылықтардың қайнар көзі саналатын Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың сүннетінде өзіне қол жұмсап, бейкүнә жандардың жанын қиюға қатаң тыйым салынған;


-  соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған адамдарды өлтірудің шариғаттағы үкімі – харам;


-  ислам діні тыныштық пен бейбітшілікті көздейді. Террорлық әрекеттер исламның бұл ұстанымына қайшы;


-  дін атын жамылған лаңкестік әрекеттер – ислам дініне қарсы жасалып жатқан қиянат», – делінген қарарда.


ҚМДБ Баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20307,20308,20309,20310"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары