Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит Қарағанды мемлекеттік университетінің №6 жатақханасында студенттермен кездесу өткізді. Жастарға діни экстремизмнің себеп-салдарын түсіндіріп, сақ болуға шақырды. Ата-баба дінін жоққа шығарып, жат ағымның арбауымен атамекенін, ата-анасын тастап, ел асып кетіп жатқан қандас бауырларымыздың әрекеті жақсылыққа апарып жатпағанын мысалға келтіре, асыл дін – ислам ондайға жол бермейтінін жастардың санасына құйды. Ұстаз асыл дінімзде ата-ананың қабағына кірбің түсіру, туған-туыспен қарым-қатынасты үзуге тыйым салғанын түсіндіріп, жастарды береке-бірлікке, ұйымшылдыққа үндеді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер