Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит пен «Зекет» қорының жетекшісі әрі өкілі Жұматаев Еркебай Ақтоғай ауданына арнайы барып асыл қазынамыз –қарттармен кездесті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ. Бекқожаның тапсырмасы аясында ауданның мәдениет үйінде аудан имамы Тукетаев Ардақпен бірге ақсақалдармен алқалы жиын өтті. Қариялармен асыл дініміз жайлы әңгіме қозғап, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызы сөз болды. Кейін аудандағы 83 жастағы Риза апаның үйіне соғып, қарт анаға хадия ретінде кітап ұсынып, ақ батасын алып қайтты.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер