Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни экстремизмнің алдын алу – алдыңғы орындағы мәселе
30 қазан, 2015 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит пен «Зекет» қорының жетекшісі әрі өкілі Жұматаев Еркебай Ақтоғай ауданының халқымен кездесті. Ауданның мәдениет үйінде аудан имамы Тукетаев Ардақ пен құқық қорғау қызметкерлерімен бірге колледж студенттері мен мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Жастар мен жасөспірімдерге ислам атын жамылып дінді озбырлық әрекеттер мен жеке мүддесіне пайдаланушылардан сақ болу керектігін айтып, экстремистік топтардың жымысқы әрекеттері қайда апарып соқтыратынын түсіндірді. «Ислам діні бейбітшілік пен адамгершілік құндылықтарына ғана үндейтін дін. Жаңсақ пікірлерден сақ болып, діни басқарманың рұқсатымен шыққан оқулықтар арқылы білім алған жөн», - деді мешіт ұстазы. Осы орайда «Мұсылман тұғырнамасымен» таныстырып, осы құжаттамадағы ислам негіздері дұрыс жол сілтеуші болады деді. Сонымен қатар ХХІ ғасыр қоғамының дертіне айналған «суицид» мәселесіне жол бермеу, ислам дінінде өз-өзіне қол жұмсау үлкен күнәлардан, мәселенің шешімі бұл жол емес екенін ашып айтты. Осы жиында бұзақылық мәселесі де қозғалды. Бұзықылықтың арты тек бармақ тістеуге апарып соғады, ислам кек сақтау, өшпенділік дегенді құптамайтынын баса айтты. «Зекет» қорының жетекшісі Еркебай Жұматаев «зекет» жайында түсінік беріп кеңінен мағлұмат берді. Аудан жастары көкейдегі сауалдарына жауап алып, алғыстарын білдірді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20279,20280,20281,20282"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары