Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесіндегі сипаттарды ел келешегі болып саналатын жастардың санасына сіңіру мақсатында қаламыздағы «Болашақ» колледжінде өткен кездесуде насихат айтылды. Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Думан Рысбекұлы болашақ мамандардың еліміздің ардақты азаматы болып қалыптасуына, білмді болудың артықшылықтары мен өзіне де, өзгеге де зиян тигізбейтін кемел мінез-құлық иесі болуға негізделген уағыз айтты. Саналы қоғам мүшесі бола отырып, дұрыс жолмен жүруге бағыт-бағдар берді. Адасқан ағымдар жайлы ақпар беріп, ақырын жүріп, анық басуға шақырды.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.
Пікірлер