Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық мекемесінде уағыз айтылды
30 қазан, 2015 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Зүлжалладинұлы Қарағанды қаласының қайырымдылық мекемесіне барып, уағыз айтты. Қайырымдылық мекемесінде білім алып жатқан балаларға «Басқа пәле тілден» тақырыбында әңгіме өрбітіп, біреуге тіл тигізу, ғайбаттаудың зияны мен күнә істерден екенін түсіндірді. Пайғамбар (саллаһу аләйһи уә сәлләм) : «Жақсы сөздерден басқасынан тіліңді сақта. Осымен шайтанды жеңесің»,- деп өсиет қылған. Бүгін де жастар бір-бірімен ойнағансып, кемсітіп, мазақ қылуды әдетке айналдырған. Оның қаншалықты күнә істерден екенін біреу білсе, біреу білмес. Б.З.Қосмағамбетов уағыз тыңдап отырғандарға басқа келген пәле-жала алдымен тілден болатынын мысалдармен келтіре отырып, әсерлі уағыз айтты. Аталмыш қайырымдылық мекемесіне дін өкілдерінің алғаш баруы емес, мекеме басшылығы мен ҚМДБ-ның тығыз байланысының арқасында, әр апта сайын әр түрлі тақырыпта пайдасы мол уағыз айтылып тұрады. Жастардың білім көк-жиегін кеңейтіп, ой салатын уағыздар алдағы уақытта да айтыла бермек.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20259,20260,20261"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары