Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт жамағатына мұсылман тұғырнамасы түсіндірілді
30 қазан, 2015 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қалалық мешітінде бесін намазынан алдын, келген жамағатқа "Мұсылман тұғырнамасы" таныстырылды. Мешітіміздің азаншысы Ташев Шоқан құжаттың әрбір тарауына тоқталып, маңыздылығын ашып айтты. Сүннет бойынша мұсылман ұстанымдары қандай, исламның парызы, сүннеттері барлығы да осы кітапша да түсінікті тілмен жазылған. Мешіт имамдары осы қағидаларды жақсы білген адам, адасушылыққа жол бермейді. Мұндағы қағидалар Отанды сүю, ата-анаға құрмет, сыйластық, ынтымақтастық сияқты қасиеттердің маңыздылығын айқындайды, -деді. Сондықтан да жер-жерде осы маңызы зор құжатты насихаттау жұмыстары жіті жүргізіліп жатқанын айта кетті. Жамағатқа үйдегі туған-туыс, бала-шағасына нағыз мұсылманға сай қасиеттермен таныстырсын деген ниетпен "Мұсылман тұғырнамасы" кітапшасы таратылды.


[gallery link="file" ids="20241,20242"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары