Теміртау қаласының «АгроТехника» колледжінде кездесу өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі У.М. Мейіржанұлы мен Теміртау қаласы облыстық орталық мешітінің наиб имамы Төреханов Мұсахан студенттермен кездесіп, «Мұсылман тұғырнамасымен» таныстырды. Қоғамды жайлап бара жатқан діни ағымдардың себеп-салдарын айта отыра, аталмыш құжаттаманың адасушылыққа жол бермейтінін түсіндірді. Екі тілде жазылған бұл кітапша қарапайым халыққа түсінікті тілде жазылған. Мадияр Мейіржанұлы «Құжаттамада ислам дінінің негіздері – масхаб, ақида мәселелері толық қамтылған. Ата-бабамыз ұстанған асыл дініміздің негіздеріне сүйене отырып, құрылған исламның негізгі қағидаларын әрбір мұсылман білуге тиіс», - деді. «Білімді қашан да мыңды жығады». Сондықтан да қарапайым халықтың жан-жақты, білімді болуы үшін, ақпараттық насихат жұмыстарының жасалуы маңызды. Студенттер дін өкілдеріне өздерінің сұрақтарын, қойып, тұшымды жауап алды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер