Мұсылманның нағыз бейнесін әспеттейтін «Мұсылман тұғырнамасының» халыққа тигізер пайдасы зор. Осы құнды құжаттың мазмұны мен мәнін халыққа жеткізсін деген ниетпен Бұқар жырау ауданы мен ауданға қарасты ауыл имамдарына таратылып, түсіндірілді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бекболат Зүлжалладинұлы арнайы Бұқар жырау ауданына барып «Мұсылман тұғырнамасының» мән-мағынасын айтты. Тұғырнаманы мешіт жамағатына, қызмет орындарында насихаттап, халыққа түсінік беруді тапсырды.
Бұқар жырау аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер