Бабалардың қанымен, найзаның ұшымен аман қалған кең байтақ жерімізде ұмыт қалдырмайтын, қастерлеп, қасиет тұтатын құндылықтар баршылық. Асыл дін оның ішіндегі үлкендерді құрметтеу, қарияларға дәйім көңіл бөлу жайын жоғары сатыда тұру керектігіне баса назар аударған. Ежелден бері қазақ елі де бұл ұлағатты істі қанға сіңген қасиет деп біледі. Оның айқын жолдары үлкеннің алдын кесіп өтпеуден, үлкен сөз сөйлегенде сөзін бөлмеуден басталады. Бұдан арғысы қарияларымызға жақсы көңіл-күй сыйлап, жағдайы мен денсаулығынан хабардар болып тұру кейінгі буын борышы.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы қаладағы қарияларымызды қадірлеп, үлкен ізеттілікпен дастархан жайды. Берекелі дастархан барысында Құран оқылып, зерделі сөз бен рухани әңгілмелер молынан айтылды.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер