Теміртау қаласындағы №15 Гимназия мектебінің ұжымымен ата-аналар жиналысы өтті. Теміртау қалалық мешітінің найб имамы Митератбек Орынбекұлы сол жиынға арнайы барып, ұстаздар мен ата-аналарға исламдағы бала тәрбиесі турасында сөз сөйледі. Бүгінгі бала, ертеңгі ел болашағының кепілі екенін түсіндіріп, балаларды өзге ағымдардан сақ болуға, бала тәрбиесіне аса көңіл бөлуге шақырды. Ата - бабамыздан ұстанып келе жатқан ислам дінімізді дұрыс мағлұмат беруді және теріс ағымдардан сақ болуды насихаттады.
Пікірлер