Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тұғыры биік – тұғырнама насихатталды
27 қазан, 2015 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы жас мамандармен кездесу өткізді. Кездесудегі басты мақсат маңызы зор «Мұсылман тұғырнамасын» насихаттау. Бас имам аудандағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ауданның жастарымен бас қосып, тұғырнамамен таныстырып, кітапшаның жалпы мазмұнын ашып түсіндірді. «Тұғырнамада мұсылманның негізгі ұстанымдары, білуге тиісті діни мәслелері қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттің заңдарымен қарым-қатынасы жіті назарға алынған», - деді Аманбол қажы Рымқұлұлы. Осы құжатта жазылған дүниені әрбір мұсылман жақсы білуі тиіс, сонда діни алауыздық, түсініспеушілік болмайтынын жастарға ұғындырды. Бүгінгі белең алып отырған діни экстремизм, терроризмнің салдары осы исламның нақты ұстанымдарын білмегендіктен, діни сауаттың аздығынан екені белгілі. Алдағы уақытта қазақ елінің жастары зайырлы мемлекеттің өркениетті жастары екенін дәлелдеп, жан-жақты білімді, сауатты жастардың өсіп шығуына сеніммен қарауымыз керек. Жастардың болашағына алаңдаушылық танытып отырған дін өкілдері бүгін де жер-жерде рухани-ақпараттық насихат жұмыстары қызу жұмыс атқаруда. Аудан имамдары да ауыл, аудан тұрғындарына діни насихат айтып, көзі ашық, көкірегі ояу ұлт тәрбиелеу жолында қызмет жасай бермек.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20176,20177,20178,20179"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары