Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам негіздері насихатталуда
27 қазан, 2015 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

Ислам негіздерін халыққа жеткізу сауапты іс. Қара халықтың діни сауатын ашу мақсатында елімізде көптеген діни кітаптар жарық көріп келеді. Басты мақсат – насихат. Осы негізде республикалық деңгейде өткен имамдардың форумының ізін қуа «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты кітапша жарық көрді. Ислам негіздері қысқа-нұсқ әрі нақты көрсетілген бұл тұғырнама барша мұсылманға түсінікті тілмен жазылған. Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Маханбетчин Берік қажы мешіт жамағатын жинап, аталмыш кітапты баршаға таныстырып, мешітке келген жамағатқа үлестірді. Кітапта көрсетілген мәліметтер кеңінен қамтылып, аудандағы барлық мешіт имамдарына ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуін тапсырды.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20170,20171,20172,20173,20174"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары