Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Халықтың ішіндегі қария – үмбетінің арасындағы пайғамбар сияқты»
27 қазан, 2015 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

image1Қазақ қашанда көнекөз қарияларын құрметтеп келген. Қазастан мұсылмандары діни басқармасы да қарт апа-аталарды әрдайым жадынан шығарған емес. Тамыз айы бойына еліміздегі барлық мешіттерде «Қарияларға құрмет» шарасы жүргізіліп келеді. ҚМБД Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожаның тапсырмасы аясында Шет ауданындағы мешіт имамдары да өңірдегі қарияларға қамқорлық жасауда. «Жанқұтты би» мештінің бас имамы Б.А.Маханбетчиннің басшылығымен аудандағы 90 жастағы жалғызбасты қарт ана Төселбаева Рымжан апаға құрмет көрсетілді. Наиб имам Әкімтай Аңсар Рымжан апаға мешіт атынан азық-түлік апарып, кілем сыйлады. Мешіт жамағаты үйдің ауласын күл-қоқыстан тазартты. Аудандағы қарияларға қамқорлық жасау осы айдың аясында ғана шектеліп қалмақ емес. Осыған дейін де бастау алған бұл шара, алдағы күндері жалғасын таба бермек.


«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары