Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекітікен уағыздарды кеңінен насихаттау - Шахтинск қалалық мешітіндегі негізгі атқарылып жатқан жұмыстардың бірегейі. Осы ретте асыл дінімізге қатысты мәселелердің бұрмаланып кеткен тұстарын ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен мешітке келген жамағатқа уағыздар көркем насихатпен жеткізілуде.
Шахтинск қалалық мешітінің бас имамы Досбол Ыдырысұлы бесін және ақшам намаздарында мақсаты негізсіз, жолы беймәлім, адасқан топтар турасында уағыз жүргізді. Оның ішінде «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйым төңірегінде айтылды.
Бұл ретте еліміздегі кез-келген азамат қараша халықтың берекесін кіргізетіндей амалдармен айналысса деген абзал ниеттер де айқын жеткізді. Бұдан бөлек бас имамға жамағат тарапы өздерін мазалап жүрген діни сауалдарын да қойып, әрі қарай әңгіме ауаны еркін сұхбаттарға жалғасты.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер