Адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жалпы адам бойына тән ізгі қасиеттерді дарытатын Ислам дінінің қадір – қасиетін ұғынбай жүргендер жат діни ағымның жетегінде кетуде. Жастарды осындай жат ағымдардан арашалауда, олардың өмірде шынайы жол таңдауына бағыт – бағдар беруде Нұра ауданында құралған үгіт – насихат тобы қазан айының 21-ші жұлдызын да кездесу өткізді. Кертінді және Қ.Мыңбаев ауыл мектептерінде 80 - ге жуық оқушы қатысқан бұл шарада жат ағымдағы діндер мен Исламның айырмашылығы түсіндірілді. Нұра аудандық мешітінің бас имамы Қоныскерей Құмарұлы жасөспірімдерге Ислам дінінің мәдениеті жайлы кең ақпар беріп, имандылыққа шақырып, адамды азғындыққа, надандыққа жетелейтін жат ағымдарға сипаттама жасап, насихат айтты. Сонымен бірге Бас мүфтидің «Дін мен дәстүр» деп аталатын кітабындағы салиқалы ой – пікірлерден мысалдар келтіріп, жас жеткіншектерді саналы азамат, патриот болуға үндеді. Жалпы, ең әуелі ата – ананы ардақтау, оны ренжітпеу, көңіліне қаяу түсірмеу тайға таңба басқандай көрсетілген. Сондай - ақ адамзат баласы бір-бірін сыйлауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі ләзімдігі. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық көрсету тиіс екені де айтылған. Ислам – мейірімділік діні болып қана қоймай, бейбітшілік пен тыныштықты, татулық пен бірлікті сақтайтын, барша адам баласын жақсылыққа үндейтін дін. Лайым солай болсын!
Нұра аудандық
мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер