Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарт анаға Құран кітап сыйланды
22 қазан, 2015 жыл 92 Басып шығару нұсқасы

Көпті көрген қарттарымызды құрметтеу, оларға жақсы қарау біздің міндетіміз. Қасиетті Құран Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ», – деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – делінген («Исра» сүресінің 23-аяты). Қарттарымызды қадірлеп, оларға жылылық сыйлау мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Қарты бар үй –қазына» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осы қайырымдылық шарасы аясында Қарағанды өңірінде сауапты істер жасалуда. Қарағанды облыстық орталық мешіті шараны ұйымдастыру тапсырылған күннен қолға алып, қарияларға қарайласуда. Солардың бірі ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожаның тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Абдрахмнов Ысқақ Рахимбекович мешітке көп қолғабыс жасаған қарт ананың үйіне барып, қал жағдайын біліп қайтты. Өкіл имамның атынан жасы келген Майраш әжейге қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Қарт әжей алғаш № 1 қалалық мешіт салынарда ырым қылып кірпішін қалаған екен. Әрдайым Алла үйіне келіп тұратын Майраш апа биыл сырқаттанып қалып, мешітке жолы түспей жүр екен. Қарт ана Өмірзақ қажы Қазкенұлының сыйына риза болып, ақ батасын берді. Алла Тағала Майраш апайдың еміне шипа беріп, аурудан айығып кетсін деп тілейік!


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20058,20059,20060"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары