Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт жамағатына «Хижра» жайында түсіндірме жұмыстары жасалды
22 қазан, 2015 жыл 119 Басып шығару нұсқасы
Бүгінде көптеген ұғымдардың мәні өзгерістерді басынан кешіп, бірқатар себептерге байланысты исламға қатысты мәселелер аса күрделеніп кетті. Бұл жағдайлардың басты себептерінің бірі – кейбір топтар дінді қазіргі заман мен қоғам талаптарына сай жете түсіне алмауынан туындап отыр. Лаңкестік, жанкештілік, жихад, хижрат секілді ұғымдарды теріс пиғылда пайдаланып, саяси мақсаттарға қолданатын зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюдың жолы - оның шығу төркіні пен пайда болу себептерін дәл анықтап, соған қарай тиісті шараларды қабылдау. Осы негізде ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының жолдаған тапсырмасына орай Қарағанды қалалық №1-мешітіндегі жамағатқа бесін және ақшам намаздарында экстремистік деп танылған «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының лаңкестік мақсатта құрылғандығын хабардар етіп, хижра сөзінің түп мағынасы мен оны салауаттылық тұрғысында қабылдау жолы түсіндірілді. Наиб имам Ермахан Оралбай жаһанды жалғандықпен жайлап келе жатқан жат ағымнан сақтандыра отырып, ата дініміз исламның елді татулық пен тыныштыққа шақыратын бейбітшіліксүйгіштік келбетін насихаттады. Сондай-ақ «Хижрат» терминіне қатысты ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінде берілген пәтуа мешіттің ақпарат тақтасына ілінді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery link="file" ids="20076,20077,20078,20079"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары