Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жүз мың дана Құран кітап сыйға тартылды
21 қазан, 2015 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қоры 100000 (жүз мың) дана Құран кітапты сыйға тартты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Kazakhstan Qatar» қоғамдық қорының мұрындық болуымен Құран кітап елге жеткізілген болатын. Қасиетті Құран Кәрім кітабының 2700 данасы Қарағанды облысына да келіп жетті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Қазкенұлы облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл имамдарын жинап, арнайы табыстады. Осыған орай Қарағанды облыстық орталық мешітінде БАҚ өкілдері мен өңір имамдарының қатысуымен конференция өтті. Осы жиында Қарағанды облысына қарасты барлық елді-мекен мешітттеріне қасиетті Құран кітаптары берілді. Облысқа қарайтын қалаларға – 20 данадан, аудандарға – 15, ауылдарға – 5 данадан үлестірілді. Енді жамағат кез-келген мешіт кітапханасынан осы қасиетті Құран кітапты алып оқи алады. Конференцияға келіп, Құран кітаптың таратылуына куә болған, БАҚ өкілдеріне де қасиетті кітап сыйға тартылды. Құран кітап араб тілінде жазылған. Ал, араб тілін үйрену де сауапты істерден екені белгілі. Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз сөзінде «Құран – түзу жол нұсқаушы. Құран оқыған адамға әрбір әрпіне сауап жазылады. Бұл қасиетті кітапты қадір тұтып, оны оқыған жан пәле-жала, кесапттар мен жаманшылықтан аулақ жүреді», - деп сыйлық жасаған елге алғысын білдіріп, жақсы амалдардан жазсын деп тіледі.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="19987,19988,19989,19990,19991,19992,19993,19994,19995,19996,19997,19998,19999"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары