Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Адасқандар» қойылымы көптің көңілінен шықты
21 қазан, 2015 жыл 203 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласының С.Сейфуллин театрында ата-баба жолын жоққа шығарып, ағымның арбауында кеткен қандас-бауырларымыз жайында  «Адасқандар» атты спектакль көрерменге жол тартты. Туындыда Алланың ақиқатын түсінбей, жастықпен өрескел қателікке бой беріп жүрген жастар ісінің қандай қатерге әкеліп соғатынын ашып көрсеткен. Аталмыш қойылым Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің нұсқауымен қолға алынған. Белгілі драматург Кеңес Жұмабеков пен қоюшы режиссер Сламбек Жұмағали «Дін істері басқармасы» мен ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожамен бірлесе отырып осынау дүниені жарыққа шығарды.


ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қоюшы режиссер


Сламбек ЖҰМАҒАЛИ


«Біздің басты мақсатымыз жат ағымға кетіп жатқан жастарымызға тоқтау салу. Ислам  – ең әділетті, жақсылыққа үндейтін дін. Мұсылман баласы соғыс дегенді құптамайды. Осыны қазақ жастары түсінсе екен. Біздің елге қызыға да, қызғана да қарайтындар көп. Сондықтан да арамызға іріткі салу арқылы рухымызды әлсіреткісі келеді. Жастарымыз арбаушылардың торына ілінбей, естерін жиса екен дейміз. Қойылым басқаларға сабақ болып жатса , міне біздің жұмыстың нәтижесі сол болмақ».


   Қойылымға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келіп, театр ұжымына ықылас гүлін тарту етті. Тәлімі мен тағылымы мол қойылымға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Ө.Қ.Бекқожа мен облыс имамдары да барды. Өмірзақ қажы Қазкенұлы жергілікті, республикалық арналарға сұхбат беріп, алған әсерімен бөлісті. Сәтті шыққан қойылым көрерменнің көңілінен шығып, лық толы зал соңына дейін тапжылмай, орындарынан тік тұрып әртістерге ыстық ілтипаттарын білдірді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20035,20036,20037,20038,20039,20040,20041,20042,20043,20044"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары