Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жалпы және Жастар» бөлімі жас шәкірттермен сұхбат жүргізді
21 қазан, 2015 жыл 97 Басып шығару нұсқасы
Бүгінде діни сауаттылықты арттыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Діни білімін жетілдіріп, оны шыңдаймын деген ынталы азаматтарға елімізде барлық жағдай жасалған. Әрбір мешіт жанында діни сауат ашу курстары ҚМДБ-сы бекіткен бағдарлама аясында толыққанды дәрістер өткізіп отыр. Сонымен қатар, Қарағанды аймағында медресе табалдырығын аттауға дайындық ретінде талдап оқытатын орын да қарастырылған. Ол – Бұқар жырау ауданына қарасты, Тегісжол ауылындағы «Мұрат ата» мешіті. Осы мешіттің жанындағы діни сауат ашу курсында медресеге талапкер ретінде оқып жатқан шәкірттер арасында Қарағанды №1-мешітінен барған екі шәкіртіміз бар. Кеше №1-мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы мен «Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі Мирас Эрланұлы шәкірттердің ахуалымен танысып, ұстаздары Сәкен қажымен сұхбаттасып қайтты. Сұхбат барысында руханият тұрғысында пікір алмасып, діни сауатты болудың артықшылықтары сөз болды. Жастарымызды жігерлі, сауатты, биік өрелі, мемлекетшіл болуға үндеген кездесуден соң құптан намазы оқылып, ел мен жұртқа береке тілеп бата жасалды.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery link="file" ids="20030,20031,20032"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары