Қарағанды қалалық №1-мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы мен «Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі Мирас Эрланұлы мешіт ақсақалдары мен жастардың басын қосып, қарттарды құрметтеудің үлгісін жаңғыртып қаламыздағы іргелі мәдениет ошағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрына апарды. Мешіт ақсақалдары ұжыммен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабековтың сценарииімен жазылған «Адасқандар» қойылымын тамашалады. Қойылымда көпшілік назарына ұсынылған туынды бүгінгі замандағы адасқан ағымдар ақиқатын аша отырып, туған жер мен дәстүрлі дінімізді қастерлеуге үндеді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі.
Пікірлер