Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық шарасы өткізілді
20 қазан, 2015 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

IMG-20151020-WA0007Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қайырымдылық турасында берген тапсырмасы бойынша іс-шара Саран қалалық мешітінде өз жалғасын тапты. «Жетім көрсең жебей жүр», «Қайырымдылық – қадірлі іс» деген дана бабалардың ұлағатты да, тәлім-тағылымы мол сөздерін ескеріп, Саран қалалық мешітінің бас имамы Саликов Мұхамметқали қажы қолынан келгенінше аянбай іс-шараға ат салысты. Бас имам Саран қаласында тұратын I-топтағы мүгедек Кушелекова Гүлжаз атты қыз баланың үйіне барып, үйге қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Өзінің әрі әке-шешесінің көздеріне қуаныш ұялатты. Сабырлылық пен қайырымдылық жөнінде сұхбат жүргізіп, жүректеріне рухани нұр силады. Осы игі шараның Саран қалалық мешітінде әлі де жалғасын табатындығын бас имам айтып өтті.


Саран мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары