Қазанның 19-шы жұлдызында Теміртау қаласы индустриялдық- технологиялық колледжінде дінаралық ынтымақтастық және келісім күніне орай студенттермен кездесіп, ашық сұхбат өткізілді. Кездесуге Теміртау қаласы орталық мешітінің наиб имамы Амантай Естай, Теміртау қаласы "ІІБ бөлім маманы", қалалық әкімдіктен жастар бөлімінің бас маманы және шіркеу қызметкерлері болды. Өз кезегінде сөз алған имам Естай Амантайұлы жастарды ынтымақ пен бірлікке шақыра отырып, дәстүрлі дінімізбен жат ағымдардың ара жігін ажыратып, имандылық жайында жастардың әртүрлі тақырыптағы сұрақтарына жауап берді.
Пікірлер