Бүгін Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында салынуы тиіс мешіт жұмысы пысықталды. Ауылдың мәдениет үйіне Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауылға ат басын бұрып, тұрғындармен кездесіп қайтты. Бас имаммен бірге ауыл әкімі Смайлов Бақытжан, ауыл молдасы Жетпісбай Құнанов халықпен ақылдаса отыра, жаңа мешітке ыңғайлы орын таңдалып, жұмыс жүйесі қадағаланды. Енді мешіт тұрғызу құрылысы басталып кетті. Жаңа мешіт келесі жылы ел игілігіне беру жоспарда.
Бұқар жырау аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер