Теміртау қалалық мешітінде Астана қаласының Дін істер комитетінің ислам оқу ағарту бөлімінің басшысы, ҚМДБ ның ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Есмахан Теміртау қалалық мешітінде болып, уағыз айтты. Екінті намазынан кейін мешіт жамағатына мазхаб ұстану, жамағаттың бірлігі жайында мағыналы уағыз жургізді. Жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Алыстан ат артып келген дін өкілдеріне Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.
Пікірлер