Қарағанды облыстық орталық мешіт ұжымы қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың қалын біліп қайтты. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі бөлімінің» меңгерушісі Уақасов Мадияр мен мешіт ұстазы Арай Бакирова және мешіт шәкірттері Қызыл Ай қоғамдастығының қатерлі ісік ауруларына шалдыққандар мен қараусыз қалған қариялар жатқан емханаға барып, науқастармен тілдесіп, көңілдерін сұрады. Аталмыш мекемедегі науқастар қатерлі сырқаттың 3-4-ші стадиясына шалдыққан, айығу мүмкіндігі аз жандар. Оларға қазіргі таңда адамдардың қолдауы мен қолпаштауы ауадай қажет. Мешіт ұжымы әр науқастың қолын алып, Алладан дерттеріне дауа тіледі. Қариялар баталарын беріп, мешіт ұжымын көргендеріне қуанышты екендерін жасырмады. Айықпас дертке шалдыққандар дін өкілдері жиі келіп дін тұрғысында уағыз айтып тұрса, рухани азық алып жанымызға демеу болар еді деп өтініштерін білдірді. Осыны ескерген ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожа мешіт имамдарына апта сайын, орталыққа барып уағыз айтып тұруға тапсырма берді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер