Қазақстан имамдары Түркия елінің Бурса қаласында білім алуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасының ынтымақтастық келісім шартына сәйкес, еліміздің 26 имамы біліктілігін арттыру курстарына жіберілді. Дін өкілдері Түркияның ең мықты деген оқу орнынан дәріс алып, білім көкжиектерін кеңейтуге таптырмас мүмкіндік алып отыр. Қарағанды өңірі бойынша Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақия діни сауатын арттыруда. Түбіміз бір түркі елімен бауырластығымыз нығаймаса әлсіреген емес. Қандас, бауырлас елмен тығыз қарым-қатынаста болып, достығымыздың алынбас қамалдай болуы ел болашағы үшін маңызы зор. Имамдарымыздың зейіні ашылып, дамыған алпауыт елден пайдалы ілім алып, ел пайдасына асырсын деп тілейік!
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер