Қасиетті жұма күні Сұрыптау кентіндегі «Ахыт қажы» мешітінде Қарағанды қалалық мешітінің наиб имамы Хайролла Жақияұлы «Қабір азабы» турасында насихат айтып, жамағатпен бірге жұма намазын өткізді. Намаздан соң наиб имам жамағатпен сұхбат жүргізіп, діни ахуал жайында пікір алмасты. Әңгіме барысында ҚМДБ-да қабылданған «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжатындағы он бес баптың ішіндегі отбасы жауапкершілігі мен жамағат арасындағы ынтымаққа қатысты тұстарын сұхбат өзегіне айналдырды.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="19786,19787,19788,19789"]
Пікірлер